Тіркелу

Қазақша      Русский

Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы.

 Шыңғыс Айтматов



          "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" ММ жанындағы "Тілдерді оқыту орталығы" тілдерді қолдану мен дамытудың бағадарламасын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Тілдерді оқыту жөніндегі орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын құру туралы» № 6 бұйрығына сәйкес құрылды.

           Кәсіпорынның мақсаты – мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметшілері мен жеке тұлғалар үшін мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту курстарын ұйымдастыру және оқыту үдерісін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету.

             Тілдерді оқыту орталығы өңірдегі мемлекеттік қызметкерлерге, бюджет саласының және акционерлік қоғамдар мен ұлттық компаниялар бөлімшелерінің, жекеменшік құрылымдардың қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытып-үйрететін бірден бір кәсіпорын болып табылады.

             Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді оқыту курстары облыс орталығы Ақтөбе қаласында және Ақтөбе облысының 6 ауданында ( Алға, Мәртөк, Қарғалы, Қобда, Хромтау, Мұғалжар) ұйымдастырылады. Орталықта жоғары білімді, білікті оқытушылар қызмет етеді. Барлық әдіскерлер мен оқытушылар жыл сайын өздерінің білімдерін жетілдіру үшін тілдерді оқытып-үйретудің интерактивті әдіс-тәсілдері, сонымен қатар қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі бойынша арнайы курстардан өтіп отырады.

           Орталықта мемлекеттік тілді оқыту курстары  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен құрастырылған және қолдануға ұсынылған қазақ тілін меңгерудің деңгейлері бойынша коммуникативтік құзыреттілік талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасының 2015 жылғы "24"қарашасындағы № 236-од бұйрығымен бекітілген және іске қосылған  ҚР СТ 1926-2015 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру»; ҚР СТ 1928-2015 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Базалық деңгей. Жалпы меңгеру»; ҚР СТ 1929-2015 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Орта деңгей. Жалпы меңгеру». ҚР СТ 1925-2015 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Ортадан жоғары деңгей. Жалпы меңгеру»; ҚР СТ 1927-2015 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Жоғары деңгей. Жалпы меңгеру»  талаптарына сәйкес 5 деңгей бойынша ұйымдастырылады.

                   

                                              (Дерек көзі: http://kazakhtest.kz)

               Қазақстандық қоғамның қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-саяси өзіндік сипаттамасын ескере отырып, қазақ тілін екінші тіл немесе шетел тілі ретінде оқытып-үйретудің бес деңгейлік жүйесі топтастырылды: қарапайым деңгей - А1, базалық деңгей - А2, орта деңгей - В1, ортадан жоғары деңгей - В2, жоғары деңгей - С1. (Дерек көзі: Қазақ тілін оқытуға арналған Бірүлгі бағдарлама. Астана - 2016)

        Орталықтың 7 мультимедиялық оқу кабинеттері әртүрлі салаға арналған арнайы сөздіктермен, оқу-әдістемелік және электрондық кешендермен жабдықталған. Заманауи талаптарға сай жабдықталған кабинеттерде мемлекеттік тілді меңгертудің мультимедиялық бағдарламалары, оқу – әдістемелік кешендер, электронды оқулықтар мен терминдер сөздіктер оқу үдерісінде тиімді қолданылады. Тілдерді оқыту курстары аяқталғаннан кейін тіл үйренушілердің алған білімдері КАЗТЕСТ жүйесінің сынағы үлгісінде қабылданып,  СЕРТИФИКАТ  табыс етіледі.

                        

 

 

Назар аударыңыз!!!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Сіздерді Ақтөбе облысында мемлекеттік тіл саясатын дамыту бағытында атқарылып жатқан іс-шаралардан ақпарат беру, педагогикалық іс – тәжірибелерді тарату, әріптестік ой бөлісу мақсатында материал жариялауға шақырамыз. «Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме» ақпараттық-әдістемелік журналының үшінші саны (№3) 2017 жылғы 29 қыркүйекте өз оқырмандарына жол тартады. Құрметті әріптестер, біздің журналмен дос болыңыздар! Толық ақпарат алу үшін сілтемені басыңыз.Ақпараттық хат

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
«Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» МҚКК тілдерді оқытудағы жаңашылдықты, озық іс – тәжірибені (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен сабақ әзірлемесін), креативті педагогикалық ойларды (тілдерді оқыту бойынша мақалаларды) көпшілікке насихаттау мақсатында «Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме» ақпараттық-әдістемелік журналын шығаруды жалғастыруда. 3 айда 1 рет шығарылатын журналдың үшінші саны (№3) 2017 жылғы 29 қыркүйекте өз оқырмандарына жол тартады.
Сіздерді Ақтөбе облысында мемлекеттік тіл саясатын дамыту бағытында атқарылып жатқан іс-шаралардан ақпарат беру, педагогикалық іс – тәжірибелерді тарату, әріптестік ой бөлісу мақсатында материал жариялауға шақырамыз.
Құрметті әріптестер, біздің журналмен дос болыңыздар!
(толық ақпарат алу үшін сілтемені басыңыз)

Сіз бұрын қазақ тілін үйреніп пе едіңіз?
Иә
Жок
Нақты жауап беру қиын
  
<
Лугат (lugat.kz) edulife.kz edu.gov.kz kazakhtest.kz kk.wikipedia.org aktobe.gov.kz til.aktobe.gov.kz
>