Мұғалжар ауданы курсы тыңдаушыларының үздік диктант жұмыстары марапатталды

Әлеуметтік желілермен бөлісу

 

 

                                                       

      Тілдерді оқыту орталығы және Мұғалжар аудандық тілдерді оқыту курсының оқытушысы Л.Бердібаеваның ұйымдастыруымен қазақ тілін меңгерудің  орта В1-16 деңгейі тобының тыңдаушылары Қандыағаш қалалық №4 орта мектеп оқытушыларына  мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, жаңа әліпби негізінде жазу сауаттылығын жетілдіру мақсатымен «Jasaı ber, kórkeıe ber, týǵan qalam» тақырыбында қазақ тілінің жаңа әліпбиі негізінде ашық диктант өтті.  Аудандық тіл үйренушілері арасында Жайбергенов Айбат Баксикович және Мусирова Эльмира Жаугашовнаның диктант жұмыстары үздік деп танылып,    Тілдерді оқыту орталығы директорының алғыс хатымен марапатталды.