Тілді құрметтеу – тек дұрыс сөйлеуден басталмайды. Ол күнделікті өмірде сөзді орнымен қолдану, ана тіліміздегі сөздердің мағынасын түсіну және тіл мәдениетін сақтаудан көрінеді.

Тілді дамытудың қарапайым жолдары:
• Күн сайын жаңа қазақша сөз үйреніңіз;
• Білмейтін сөздің мағынасын іздеп, сөздік қорды толықтырыңыз;
• Көркем әдебиет оқып, сауатты сөйлеуге дағдыланыңыз;
• Күнделікті қарым-қатынаста қазақша сөйлеуге мүмкіндік жасаңыз;
• Сирек қолданылатын ұлттық сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын біліп жүріңіз.
Тілімізді бірге үйренейік, бірге дәріптейік!

Дайындаған: Атантаева Динара

You may also like...