Ақпараттық шолу

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Құрметті оқырман!

 Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығы «Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме» ақпараттық-әдістемелік журналының 2019 жылғы бірінші санын (№1) 28 наурызда шығарады. 3 айда 1 рет жарық көретін журналға төмендегідей айдарлар бойынша материал ұсынуға болады:
      1.Мемлекеттік тіл – менің мақтанышым: профессор-ғалымдардың, тіл оқытушылары (қазақ, орыс және басқа тілдер), балабақша тәрбиешілері, жеке тұлғалардың және тіл жанашырларының еліміздегі тілдерді оқыту мәселесі, үштұғырлы тіл саясаты, Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясы, этносаралық ынтымақтастық, татулық тақырыбындағы мақалалары, эссе, баяндамалары.
      2.Рухани жаңғыру:«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасын, оның ішінде  6-бағыт «Латын графикалық жүйеге көшуді» насихаттау мақсатында мақала, баяндамалар.
      3.Әдістемелік портфель: мұғалімдер мен тәрбиешілердің әдістемелік мақалалары, баяндамалары  және т.б.
     4.Педагогикалық практикум: тіл оқытушылары (қазақ, орыс және басқа да тілдер), әдіскерлердің іс-тәжірибесіндегі озық сабақтары (ҚМЖ) және  қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқытудың салалық сабақ әзірлемелері.
    5.Тәрбиеші жазбалары: мектепке дейінгі ұйымдарының тіл оқытушылары (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) мен тәрбиешілерінің озық сабақ әзірлемелері, жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған тәрбиелік, танымдық, мәдени іс-шаралар сценарийлері.

Материалдар келесі талаптарға сай болуы керек:
         Мақала немесе сабақтың әдістемелік әзірлемесі, эссе, баяндама,   өлеңдердің көлемі 2 беттен көп болмауы  керек.  Беттің жоғарғы және төменгі жағынан 2 см., сол жағынан 2 см., оң жағынан  2 см қалдыру керек. Жазу шрифті  KZ Times New Roman, Times New Roman, кегль 12,  жоларалық ашықтық  1 пт. 2 интервалдан кейін автордың аты-жөні; бос интервалдан кейін мекеменің аты, қаласы, ауданы  көрсетіледі. Мақаланың  негізгі мәтіні 2 интервалдан кейін басылады. Мәтіннің соңында 1 интервалдан кейін пайдаланылған әдебиеттер тізімі (алфавиттік жүйеде) беріледі. Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада [1:23-25] рәсімделеді. Файлдық құжаттың атауы автордың фамилиясымен аталуы қажет. Кесте, иллюстрациялық сызбаларды беруде Microsoft Office бағдарламасын қолдану қажет.

Барлық материалдар талапқа сай рәсімделіп, ortaluktil@mail.ruэлектронды поштасына жіберілуі қажет.
 Журналдың №1 санына материалдар 2019 жылғы  15 наурызға  дейін  қабылданады.
Материалдар Ақтөбе қаласы, ағ.Жұбановтар, 257/«Б»,
3–қабат.Тел./Факс: 8 (7132) 95-41-90.