«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы ғалым» атты республикалық әдістемелік онлайн-семинары өтті.

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының  ұйымдастыруымен 2022 жылғы 15 маусымда Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы –  ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы ғалым» атты республикалық әдістемелік онлайн-семинары өтті. Семинардың мақсаты :
– Ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын республика көлемінде атап өтуге үлес қосу;
– А. Байтұрсынұлының әдістемелік еңбектерін зерделеу арқылы оның тіл біліміне қатысты ұтымды әдіс-тәсілдерін анықтау және насихаттау;
–  оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіре отырып, мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ілгерілету, оқытушылардың өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету.
Спикерлер: Е.Е.Тілешов – Ш.Шаяхметов атындағы “Тіл-Қазына” ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры, ф.ғ.к. «Ақымет Байтұрсынұлының әдіснамалық сабақтары»;
Ж.Р.Жақанова – Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі, п.ғ.м «Ұлт ұстазының тілдік мұраты»;
Ж.А.Исина – С.Бәйішев атындағы университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, доцент, ф.ғ.к «Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық мұрасы»;
Республикалық әдістемелік онлайн-семинарға барлық өңірлердегі әріптестерімізбен қатар өзге елдерден, атап айтсақ  Өзбекстан Республикасынан Митенбаева Меруерт Курбановна, Таштемирова Нуржамал Усманмуратовна, Худайбердиева Бахтигул Буриевна, Абдриемова Айниса Кулмуратовна, Буртешова Динара  Нуржановна, Умбетова Анар Жалменовна, Иран Ислам Республикасынан Асқар Исаұлы, Испания мемлекеті Мадрид қаласынан Нурбаева Жаннат Амангельдиевна, Италия Республикасынан Рая Мамупасипова қандастарымыз қатысты. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіре отырып, еңбектеріңізге табыстар тілейміз.