«Aqyldy álipbı» мобильді қосымшасы жарыққа шықты.

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының өнімі – «Aqyldy álipbı» латыннегізді қазақ әліпбиін үйрететін мобильді қосымшасы жарыққа шықты. Бұл қосымшаның шығарудағы мақсат: қашықтан оқыту арқылы қазақ тілінің жаңа графикасын меңгеруге, жаңа әліпби негізінде оқу, жазу сауаттылығын арттыруға ықпал ету.

Өз бетімен латыннегізді қазақ әліпбиін үйренемін дейтін тұлғалар үшін «Aqyldy álipbı» таптырмайтын көмекші болары сөзсіз. Ол үшін Google Play-ден келесі сілтеме арқылы «Aqyldy álipbı» қосымшасын тауып, тегін жүктеп алуға болады: https://play.google.com/store/search?q=Aqyldy%20%C3%A1lipb%C4%B1&c=apps 

Сіздерді «Aqyldy álipbı»мобильді қосымшасын жүктеп, латыннегізді қазақ әліпбиін үйренуге шақырамыз. Сәттілік тілейміз!