Қарғалы ауданы бойынша үздік ашық диктант жұмыстары алғыс хатпен марапатталды

Әлеуметтік желілермен бөлісу

 

        Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы және Қарғалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастыруымен 6-мамырда Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне және Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, жаңа әліпби негізінде жазу сауаттылығын жетілдіру мақсатымен «Jasaı ber, kórkeıe ber, týǵan qalam» тақырыбында қазақ тілінің жаңа әліпбиі негізінде ашық диктант өткізді. Шара Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы, Тілдерді оқыту орталығы бастамасымен жүзеге асырылды. Аудандық тіл үйренушілері арасында өткен ашық диктант барысында үздік деп танылған жұмыстар Тілдерді оқыту орталығы директорының алғыс хатымен марапатталды. 

      Аталған шара аудан көлемінде өз жалғасын тапты. Атап айтсақ,  №1 Бадамша орта мектебі, №2 Бадамша орта мектебі, Қосестек, Әлімбет, Жосалы орта мектептерінен 112 оқушы, 23 мұғалім және 12 мемлекеттік, медицина саласы қызметкерлері ашық диктантты белсене жазды. Туған қаламыздың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында Қарғалы ауданы тұрғындарының бұл мәдени шарасы зор маңызға ие. Диктант жұмыстары ішінде 23-і үздік деп танылып, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының алғыс хатымен марапатталды.