“Қазақ ертегілері” қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде берілген ертегілер жинағы

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Арыстан

Бұл жинақ бойынша халқымыздың ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мұрат етіп қалдырған ауыз әдебиетінің бай қазынасынан іріктеліп алынған, түрлі-түсті суреттермен безендірілген ертегілері ұсынылады.

Ертегі мәтіндері қазақ және ағылшын тілдерінде жазылып, сөздікдіктері қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде берілген.

«Ерте,ерте,ертеде…»

«Ерте,ерте,ертеде…» атты жинаққа халық ауыз әдебиетінен жинақталып алынған ертегілер ұсынылды.

Жинақ ертегілердің мазмұнын ашатындай түрлі-түсті суреттермен безендірілген. Кітап 3-5 жастағы балаларға арналған.

Қотыр торғай

Бұл кітапқа қазақ халық ертегілері 3 тілде берілген. Мақсат – өзге тілді балаларды қазақ ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстыру, бірнеше тілді меңгеруге мүмкіндік туғызу.

Кітапты ағылшын тілін ерте жастан оқытуға арналған бағдарламаға қосымша хрестоматия ретінде қолдануға болады. Ертегі 6-9 жастағы балаларға арналған.

«Әдептану» ертегілері

«Әдептану» ертегілер жинағына шетел ертегілерінің қазақ тіліне аударылған нұсқалары берілген. Кітапқа енгізілген ертегілер балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелейді. Кітап мектепке дейінгі мекемелердегі ересек және даярлық тобындағы балаларға арналған.