«Қазақша-орысша және орысша-қазақша ілеспе аударма жасауды үйрету»  біліктілікті арттыру курсы басталады

Әлеуметтік желілермен бөлісу

 

 

    2019 жылғы 25-30 сәуір күндері Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығында «Қазақша-орысша және орысша-қазақша ілеспе аударма жасауды үйрету»  тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтеді.

   Мақсаты: Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қазақшадан орысшаға және орысшадан қазақшаға ілеспе аудармашыларды дайындау және жазбаша аудармашылардың біліктілігін арттыру.

   Біліктілікті арттыру курсына мемлекеттік органдар мен компаниялардан, мекемелер мен кәсіпорындардан аударма жасап жүрген, ілеспе аударма жасауға бейім, қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген, екі немесе одан да көп тіл білетін мамандар шақырылады.

   Сұрақтар бойынша телефон: 95-41-90