«Қазақша-орысша және орысша-қазақша ілеспе аударма жасауды үйрету» біліктілікті арттыру курсы аяқталды

Әлеуметтік желілермен бөлісу

     Бүгін, «Қазақша-орысша және орысша-қазақша ілеспе аударма жасауды үйрету»  тақырыбындағы 5 күндік оқыту курсы аяқталды. 

    Біліктілік арттыру курсы барысында ілеспе аудармада қолданылатын кәсіби әдіс-тәсілдер оқытылып, аудармашылар қауымдастығында шеберліктің ең биік шыңы саналатын, күрделі де қызықты ілеспе (синхронды) аударма жасау практикасы жүргізілді. Облыстың мемлекеттік мекемелерінде қызмет ететін аударма мамандардың, университет оқытушылары мен тіл мәселелерін кәсіби тұрғыдан қарастырушы филологтардың басын қосқан бұл курсты Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, қазақ-орыс-араб тілдерінен ілеспе аудармашы Есенжан Дина Әнесқызы жүргізді. Шара соңында қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, ойларымен бөлісті. Сондай-ақ модератор Дина Әнесқызына және Тілдерді оқыту орталығы ұжымына ерекше алғыстарын айтып, сертификаттар алды.