Банк саласы қызметкерлеріне арналған көмекші құрал

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Бұл көмекші құралда банк құжаттары қазақ тілінде рәсімделіп беріліп отыр. Бұлардың қатарында карточканы пайдалану ережесі, карточкалық операцияларға байланысты толтырылатын құжаттар, автокөлік құралы, жеке мүлік кепілдігі туралы құжаттар, банк салымдарының түрлері, мобильдік банкинг қызметіне байланысты құжат түрлерінің үлгілері мемлекеттік тілде берілген. Сонымен қатар, оқулыққа енгізілген құжат үлгілеріне тікелей байланысы бар 60-қа жуық банк саласының терминдеріне қазақ тілінде толық түсінік берілген.

Оқулыққа енгізілген құжат үлгілерін әр банк қызметкері өз қызметінде дайын үлгі ретінде толық пайдалана алады. Бұл құжаттардың үлгілерін үнемі пайдаланған жағдайда банк қызметкері өзінің күнделікті қызметінде халықпен мемлекеттік тілінде еркін қарым-қатынас жасауға икемделеді.