Біле жүріңіз!

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Беті бүлк [ былш, шылп] етпеді •беті шімірікпеді Ұялмады, бедірейіп тұрды, арсызданды. Жасы үлкен кісінің жас кісіні сырла-суға шақырғанда, азырақ жасқанғандай боп, дауысы еріксіз дірілдеп шығар еді, ал бұның беті бүлк етпеді. ( Ә. Нұрпейісова). Тарт, Әзімбай, арсыз тіліңді! Әкеңнің аузы бармас арамдыққа бетің былш етпей сен барайын деп пе ең!? ( М. Әуезов). Раушан Кемебайдың қатынының бір сөзін он сөз қылып әкелуге беті шылп етпейді (Б. Майлин). Ерінің беті шімірікпестен , момақансып отырған аярлығы Сағиланы жирендіріп жіберді. (М. Иманжанов).