«БІРЫҢҒАЙ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» өтеді

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы «15 наурыз-Дүниежүзілік тұтынушылар күніне»  орай, ағымдағы жылғы 13 наурызда республикалық «БІРЫҢҒАЙ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» іс-шарасы аясында облыс тұрғындарын қабылдайды.

      Шараның мақсаты – азаматтарға орталықтың қызмет көрсету мақсатын, бағытын және өнімдерін кеңінен таныстыру, тілдерді оқыту курстары жайлы толық ақпарат беру.

   Біздің мекенжайымыз: Ақтөбе қ. Ағ.Жұбановтар к-сі 257Б (СтарТайм сауда ғимараты, 3-қабат). Байланыс телефоны: 8(71-32) 41-69-34