Бугін Ақтөбеде қаланың 150 жылдық мерейтойына орай

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Бугін Ақтөбеде қаланың 150 жылдық мерейтойына орай «Менің балабақшам, көшем, қалам» тақырыбындағы 5-6 жастағы балабақша тәрбиеленушілері арасында көркемсурет байқауының қорытынды кезеңі өтуде. 
1 сырттай іріктеу кезеңі 1 сәуір мен 21 мамыр аралығында өтіп, 142 баладан үздік деп танылған 20 бала 2-кезеңге жіберілген болатын .Жобаны Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша Ақтөбе облысы бойынша демократияны инновациялық технологиялар арқылы оқыту орталығы 2013 жылдан бастау алған ұзақ мерзімді «Атаулар сыр шертеді» жобасы аясында ұйымдастырды. 
Сондай-ақ аталмыш жоба аясында мектеп оқушылары арасында «Ұлықталған есім – ұрпаққа үлгі» (облыс бойынша елді мекен, көше, нысандарға берілген тарихи тұлға есімдері туралы) тақырыбында өткізілген эссе жазу байқауының жүлдегерлері марапатталды. Эссе жазу байқауы 1 сәуір мен 22 мамыр аралығында өткізіліп, 93 оқушы қатысқан болатын. 30 мамырда Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті базасында жоба-байқаудың 
3-кезеңі 14-21 жас аралығындағы мектеп оқушылары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студент теріні топонимдер, жер-су атаулары туралы зерттеу жұмыстары тыңдалмақ. Қаланың 150 жылдық мерейтойына арналған 
аталмыш жоба шеңберінде барлығы 500-ден астам оқушы, балабақша тәрбиеленушілері, студент жастар қамтылды.