Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан тарихындағы ең мықты билеушілердің бірі. Халық Дінмұхамед Қонаевтың қарапайымдылығын жақсы көретін. Жұмысына жаяу баратын. Тулебаев көшесі бойында тұрған. Қазір сол жерде оның мұражайы тұр. Халық Дінмұхамед Қонаевты қатты сыйлаған. Сыйлағаны сонша, оны жәй ғана Димаш Ата деп атап кеткен. Қазақ халқының сүйікті ұлы 1912 жылы 12 қаңтарда Верный қаласында дүниеге келген. Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық және сауда мекемелерінде жұмыс істеген. Қазақ және орыс тілдерінде хат таныған сауатты адам болған. Ал анасы Зәуре Баирқызы 1888 жылы Алматы облысындағы Шелек ауданында өмірге келген. Бар уақытын балалары мен үй шаруасына арнаған.Дінмұхамед Ахметұлы 1930 жылы Алматы қаласындағы мектепті үздік бітіріп, 1931-36 жылдары аралығында Мәскеудегі түсті металл институтында білім алды. Қайраткер ұл жарты ғасыр уақытта бұрғылау станогінің машинасынан Қазақстан орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметіне дейін көтерілді.Димаш Ахметұлы сүйікті жұбайы Зуһра Шәріпқызымен тұп-тура 50 жыл 6 ай 2 күн отасқан. Ол әйеліне деген махаббатын өмір бойы жанына жалау қылып, өле-өлгенше сыйласқан. Қос жұпты таныған жандардың айтуынша, Зуһра Шәріпқызы ешуақытта “ұлықтың әйелімін” деп өзімшілдік танытпаған. Керісінше ашық-жарқын болып, айналасындағыларды қонақжайлылығымен қуантқан. Әрдайым ибалы да инабатты мінезімен ата-енесіне, еліне сыйлы келін болған.978 жылы “Кеңестік Қазақстан”, “Таңдамалы сөздері мен мақалалары”, 1992 жылы — “О моём времени”, 1994 жылы — “От Сталина до Горбачёва”, 1994 жылы — “Ақиқаттан аттауға болмайды” атты мақалалары мен кітаптары жарық көрді.Димаш Ахметұлының кішілігі мен кісілігі туралы айтылар естеліктер көп. Оның өмірінің соңғы жылдарын фотограф Жақсылық Тұрлыбеков таспаға түсіріп келді. Ол ауыл халқының Димашқа жиі балаларының аузына түкірткенін айтады. Кемеңгер азаматтың өсиеті мен өмір жолы, келер ұрпаққа берер өнегесі шам-шырақпен пара-пар екені сөзсіз.