Хромтау ауданында «Ата заңым айбыным» эссе, «Туған тілім-тірегім» мәнерлеп оқу сайысы өтті

Әлеуметтік желілермен бөлісу

 

   

  Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы ұйымдастыруымен жоспарланған мерекелік шаралар әлі де жалғасуда. Хромтау аудандық тілдерді оқыту курсында  “Туған тілім – тірегім”  тақырыбында эссе және “Ата заңым – айбыным” атты мәнерлеп оқу  байқауы өтті. Байқауға ауруханалар, халыққа  қызмет көрсету орталығы, пошта қызметкерлері, мектеп, колледж мұғалімдері мен қала тұрғындары қатысты.

   «Ата заңым – айбыным» атты эссе жазып, мәнерлеп оқудан жүйріктер іріктеліп, бағалы сыйлықтарға ие болды. Токин Берік бас жүлдеге ие болса, Қалиев Сержан ағай бірінші орын алды. Сержан ағай зейнетке жақындап қалса да, латын негізді әліпбиді өз еркімен үйренгенін, еш қиындық болмағанын айтып таң қалдырды. Аурухана ұжымының намысын қолдан бермей, Дермұханов Дәулет те жақсы нәтиже көрсете білді. Хусайнова Дана, Жолдыбаева Лаура, Әбдіғалиева Гауһар, Хұрметбек Күннұр,Шангереева Дана алғыс хаттар,бағалы сыйлықтарға ие болды. Шара соңында кеш қонақтары көңілді кеш көрермені болып көңілді тарқасты.