“Дұрыс сөйлейік” анимациялық фильмін насихаттау жұмыстары жүргізілуде

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Ақтөбе облыстық тілдерді оқыту орталығы және Алға аудандық оқыту курсының ұсынысы бойынша латыннегізді қазақ әліпбиін, “Дұрыс сөйлейік” бағдарламасын   насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Бүгін, «Қазақ жазуының белесі-латын графикасына көшу» насихаттау жұмыстары №1 «Еркетай» Алға бөбекжай балабақшасында басталды. Осы орайда балабақша бүлдіршіндерінің  жаңа латын графикасына көшуді дамытатын каналындағы қызықты фильмдерді  «Түстер», «Көліктер», «Ауа райы» «Апта» «Сандар» «Пішіндер»тақырыбында анимациялық фильмдерді тамашалады. Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының балаларға арналған үйрету бағытындағы тележобалары, өнімдері туралы жан-жақты ақпарат берілді.