“Дұрыс сөйлейік” анимациялық фильмін насихаттау жұмыстары жүргізілуде.

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Ақтөбе облыстық тілдерді оқыту орталығы және Мұғалжар аудандық оқыту курсының ұсынысы бойынша латыннегізді қазақ әліпбиін, “Дұрыс сөйлейік” бағдарламасын насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Бүгін, «Қазақ жазуының белесі-латын графикасына көшу» насихаттау жұмыстары «Қарлығаш» балабақшасында басталды.   «Қарлығаш» балабақшасының бүлдіршіндері латыннегізді жаңа әліпбидің алғашқы әріптерімен танысты. Ш.Шаяхметов атындағы “Тіл-Қазына” ұлттық ғылыми-практикалық орталығының балаларға арналған тіл үйрету бағытындағы тележобалары, өнімдері туралы жан-жақты ақпарат берілді.