«Көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениетін дамыту» атты біліктілік арттыру курсы өтті

Әлеуметтік желілермен бөлісу

 

  

      «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ 2019 жылғы 22 ақпанда  «Көпшілік  алдында  сөз сөйлеу мәдениетін дамыту» атты біліктілік арттыру курсын өткізді.

      Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік қызметкердің сөйлеу мәдениетін жетілдіру, көпшілік алдында сөз сөйлеу белсенділігін арттыру, тіл мәдениетін дамыту.

      Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастырумен 2016 жылы өз бастауын алған «Көпшілік алдында сөз сөйлеуді үйрету жолдары» семинар-тренингі бүгінгі таңда облыстың 90-нан астам мемлекеттік қызметкерлері және білім беру саласының мамандарын қамтыған болатын. Әр жылдары Ақтөбе қаласы, Алға, Хромтау аудандарында өткен семинар-тренингтің ауқымды жалғасы ретінде бүгінгі «Көпшілік  алдында  сөз сөйлеу мәдениетін дамыту» атты біліктілік арттыру курсына (8 сағаттық) облыстық басқармалардың  өкілдері қатысты.

     Курсты Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің аға оқытушылары, педагогика ғылымдарының кандидаты Г.К.Кусаметова және «Жұбановтану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, гуманитарлық ғылымдардың магистрі Ә.Ж.Ұлықпанова жүргізді. Шара барысында қатысушылар:

  • Қазіргі әлемдік жаһандану заманында дұрыс сөйлей білудің маңызын;
  • Көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениетінің 7 ережесін;
  • Көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалу кезеңдерін;
  • Көпшілік алдында сөйлеуге арналған 5 көмек;
  • Аудиториямен байланыс орнатудың әдіс-тәсілдерін, сөз орамдарын дұрыс пайдалану дағдысын,
  • Аудитория алдында өзін ұстау мәдениетін, көпшілік алдында сөз бастау және аяқтау тәсілдерін және т.б. интерактивті әдістер арқылы жан-жақты меңгерді.

                  Шара соңында барлық қатысушыларға  СЕРТИФИКАТ  табысталды.