“ЛАТЫН ГРАФИКАЛЫ ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ: ОҚУ, ЖАЗУ” онлайн сұхбат өтті.

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Бүгін Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының тілдерді оқыту орталығы әдіскері, п.ғ.м. А.Сүгірбаева және Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы К.Елекбайқызы инстаграм желісі арқылы тікелей эфирде “ЛАТЫН ГРАФИКАЛЫ ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ: ОҚУ, ЖАЗУ” тақырыбында сұхбат өткізді. Орталық әдіскері Ақмарал Сүгірбаева жаңа әліпби жаңалықтарымен бөлісті. Сұхбатты тыңдаушы көрермендер алғыстарын жеткізіп, сәттіліктер тіледі.