“Латын əліпбиіне көшу – заман талабы” атты жаңа әліпби негізінде диктант жазу байқауы өтті

Әлеуметтік желілермен бөлісу

 

 

     11-сәуір күні “Қарғалы аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі” ММ мен “Ақтөбе облысының тілдерді оқыту орталығы” КММ Қарғалы аудандық өкілдігінің ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сəуірде жарық көрген  “Рухани Жаңғыру: болашаққа бағдар” бағдарламасы аясында   “Латын əліпбиіне көшу – заман талабы” атты жаңа əліпби негізінде диктант  жазудан байқау өтті. 

      Байқаудың мақсаты жастар арасында латын әліпбиін кеңінен насихаттау, ешқандай көмекші құралсыз сауатты жазуға дағдыландыру. Диктант қорытындысы бойынша №2 Бадамша орта мектебінің оқушысы Курбангалиева Марина 1орын, №1 Бадамша орта мектебінің оқушысы Ступченко Валентина 2 орын, Жосалы орта мектебінің оқушысы Нурлан Асылжан 3 орын дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.