Латыннегізді қазақ жазуын меңгерту дәрісінің бесінші легі басталды

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығы латыннегізді қазақ жазуын меңгертетін тіл оқыту орталықтарының тренерлерін (оқытушыларын) оқытатын курс, семинар, дәрістің V легін  бастады. Бұл кезеңге  Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасыныңТілдерді оқыту орталығының қазақ тілі оқутышылары Түменбаев Шынғысхан Берікұлы, Тәңірбергенова Алтынгүл Өталіқызы, Төлегенова Гүлсайран Нұрланқызы қатысуда. Әріптестерімізге кәсіби білімін жетілдіріп, сынақтардан сүрінбей өтуін  тілейміз!