Латыннегізді қазақ жазуын меңгерту дәрісінің екінші легі басталды

Әлеуметтік желілермен бөлісу

 

      Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы латыннегізді қазақ жазуын меңгертетін тіл оқыту орталықтарының тренерлерін (оқытушыларын) оқытатын курс, семинар, дәрістің IІ легін (08.04.-18.04.) бастады. Оқыту орталықтарының оқытушыларына ересек тұрғындарды оқыту үшін филологтар мен лингвист-ғалымдар семинарлар мен дәрістер өткізуде. Аталған курстың ІІ кезеңіне Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының мемлекеттік тіл оқытушысы Нұрмұхамедова Данагүл Бегімқызы қатысуда. Әріптесімізге кәсіби білімін жетілдіріп, сынақтардан сүрінбей өтуі үшін сәттілік тілейміз!

 

 

     Shaısultan Shaıahmetov atyndaǵy «Til-Qazyna» ulttyq ǵylymı-praktıkalyq ortalyǵy latynnegizdi qazaq jazýyn meńgertetin til oqytý ortalyqtarynyń trenerlerin (oqytýshylaryn) oqytatyn kýrs, semınar, dáristiń Il legin (08.04.-18.04.) bastady. Oqytý ortalyqtarynyń oqytýshylary men eresek turǵyndardy oqytý úshin fılologtar men lıngvıs ǵalymdar semınarlar men dárister, kýrstar ótkizýde.Kýrstyń ІІ kezeńine ortalyqtyń memlekettik til oqytýshysy Nurmuhamedova Danagúl Begimqyzy qatysýda. Áriptesimizge kásibı bilimin jetildirip, synaqtardan súrinbeı ótýi úshin sáttilik tileımiz!