Тілдер мерекесі

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Қымбатты қазақ елі! Құрметті әріптестер!
Сіздерді айтулы мереке – Қазақстан халқы тілдері күнімен құттықтаймын!
Қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетіне аянбай адал қызмет еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі, тарихта орны айрықша зор тұлға, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойымен қатар тойланғалы отырған Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі баршамызға құтты болсын!
Үлкен ағартушы, ірі ғалым-лингвист, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде аталып өтетін тілдер күні еліміздің айтулы мерекелер қатарында. Себебі, тіл – тұтас бір халықтың сан ғасырлық еңбегі, халықтың тарихы, өркениет пен мәдениеттің даңғылы.
Тіл – Халқымыздың аса қымбат қазынасы. Тіліміздің дамуына мемлекеттік бағдарлама аясында облыстық тілдерді дамыту басқармасына қарасты тілдерді оқыту орталығы тарапынан көптеген шаралар атқарылуда.
Атап айтсақ, “Ахмет Байтұрсынұлының тіл туралы тағылымды ойлары”, “Ұлттың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы” тақырыбында кездесулер, семинарлар, “Ұлттық рухтың ұлы кемеңгері” онлайн ашық сабақтар, “А. Байтұрсынұлы тұлғасы” мәнерлеп оқу байқаулары өтті.
Ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салтты сақтау, құрметтеу, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өзіміздің қолымызда!
Осы ретте өз ана тілімізбен қатар өзге халықтың тілін құрметтеуге тәрбиелеп, тілдер туралы білімімізді арттырып, осы салада еңбек етіп жүрген барша тіл жанашырларын шын жүректен құттықтаймын!
Ізгі ниетпен: Ақтөбе “Тілдерді оқыту орталығының” директоры К. Х. Сергазина.