“Ұлттық әліпби негізіндегі ұлттық жаңғыру” тақырыбындағы өңіраралық онлайн семинар өтті.

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Бүгін 21-мамырда Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тiлдердi оқыту орталығы ұйымдастыруымен “Ұлттық әліпби негізіндегі ұлттық жаңғыру” тақырыбында мемелекеттік тілді оқытуды жүзеге асыратын мамандарға арналған өңіраралық онлайн семинар өтті. Онлайн шараға еліміздің Қарағанды өңірінен, облыстық тілдерді дамыту басқармасының жанындағы «Ресурстық тіл орталығының» бөлім меңгерушісі, п.ғ.магистрі Жақанова Жұпар Рысқұлқызы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к Сәдуақас Нұрбол Әбділдаұлы, Тілдерді оқыту орталығының  оқытушысы Төлегенова Гүлсайран Нұрланқызы сөз сөйлеп, жаңа қазақ әліпбиі төңірегінде өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ еркін микрофон алаңында «Рухани жаңғыру» облыстық жобалық кеңсе менеджері Нұрмұхамедова Данагүл Бегімқызы және облыстың тілдер оқытушылары мен әдіскерлері шара туралы өз пікірлерін жеткізді.
онлайнсеминар
TILQAZYNA
@tilqazyna