Мемлекеттік тіл мәселесі бойынша жұмыс тобы отырысы өтті.

Әлеуметтік желілермен бөлісу

 

      Бүгін 23-желтоқсанда “Nur Otan” партиясы жанындағы “Miras” республикалық қоғамдық кеңесінің мемлекеттік тіл мәселесі бойынша жұмыс тобының бейнебайланыс режимінде жұмыс тобы отырысы өтті. Шараға Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы директоры Сергазина Клара Хакимгалиевна қатысты. Жұмыс тобы отырысында:

  • мемлекеттік тілді біліктілік талаптарына сәйкес меңгеруі міндетті кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесін заңды түрде бекіту туралы;
  • “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңындағы “Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі” деп аталатын 21-баптың орындалуы туралы;
  • мемлекеттік тілді оқыту орталықтары жұмысының тиімділігі туралы мәселелер талқыланды.