“МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН 2020” акциясының қатысушылары марапатталды

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Ш.Шаяхметов атындағы “Тіл-Қазына” ҰҒП орталығы ұйымдастыруымен өзге ұлт өкілдері арасында өткен “МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН 2020” акциясының қатысушыларын марапаттау сәті өтті. Шара барысында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы Алға ауданы тілдерді оқыту курсы тыңдаушысы, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы, “Қобыланды батыр” жырынан үзінді оқыған Карасаева Илона Александровна “ҮЗДІК 5 ОРЫННЫҢ” қатарына ілігіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, тағы да “Қобыланды батыр” жырынан үзінді оқыған, Қобда ауданы тілдерді оқыту курсы тыңдаушысы, Талдысай ауылдық клубы қызметкері Мальцев Александр Владимирович “ҮЗДІК 10 ОРЫННЫҢ” қатарына қосылып дипломмен марапатталды. Ал барлық қатысушыларға алғыс хаттар берілді. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!