Облыстық дөңгелек үстел “Латын әліпбиіне көшу – заман талабы”

Әлеуметтік желілермен бөлісу

2019 жылдың 30-мамырында облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған “Латын әліпбиіне көшу – заман талабы” тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге мектеп мұғалімдері қатысып, тәжірибе алмасты.

Бұл шарада Ақтөбе облысы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы НұрмұхамедоваДанагүл Бегімқызы «Жаңа емле: құрылымы, ұстанымы және жаңалықтары» тақырыбында баяндама оқып, жаңа емленің ережелерімен таныстырды.

Сонымен қатар, қатысушы мұғалімдер жаңа латын графикасына негізделген әліпбиімен мәтіндер жазып, оған көшудегі қиындықтар мен оны шешудің жолдары туралы пікір алмасты.