ОНЛАЙН БЕЙНЕҚҰТТЫҚТАУ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Бүгін, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен тіл үйренушілер арасында қашықтан өткізілген «Еліме нұр, жеріме гүл сыйлаған әз-Наурызым!» бейнеқұттықтау сайысының жеңімпаздары анықталды.

Орталықтың www.til-aktobe.kz ресми сайты арқылы ағымдағы жылғы 5–18 наурыз аралығында өткізілген сайысқа Ақтөбе қаласы және Алға, Мұғалжар, Қарғалы, Мәртөк, Хромтау, Қобда ауданы қазақ тілі курсы тыңдаушылары белсене қатысып, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған жүрекжарды құттықтауларын онлайн платформасында жолдады. Сайыс қорытындысы бойынша келесідей жеңімпаздар марапатталды:

Бас жүлде:

Бас жүлде:  Ақтөбе облыстық оңалту (арнайы) орталығы

1-орын: Семенко Григорий-Хромтау ауданының тұрғыны, қазақ тілін үйренуші

2-орын: Сираж Дауренбек Саламатұлы-Мұғалжар аудандық жастар ресурстық орталығының маманы, қазақ тілі курсы тыңдаушысы

3-орын: Ақтөбе облысы, Алға аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

3-орын: Трошин Николай Викторович-Мәртөк аудандық ПБ, әкімшілік-тәжірибе тобының инспекторы, қазақ тілі курсы тыңдаушысы

Алғыс хат: Lee Hogyeong – Оңтүстік Корея азаматы, қазақ тілін  үйренуші

Алғыс хат: Қалменов Асыл Қабылұлы- Қарғалы аудандық жер қатынастары бөлімінің маманы, қазақ тілі курсы тыңдаушысы

Алғыс хат: Фурсенко Людмила Викторовна- Қобда ауданының тұрғыны, қазақ тілін үйренуші.

Барлық қатысушыларға диплом, алғысхаттар мен естелік сыйлықтар табысталады.

Біз өз тарапымыздан бейнеқұттықтау сайысы қатысушыларына алғыс білдіре отырып, жеңімпаздарды тағы да құттықтаймыз! Тілдерді үйренуде зор табыс тілейміз! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!