Орталық туралы

Әлеуметтік желілермен бөлісу

 

 

БІЗДІҢ МАҚСАТ – ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ

 

       “Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы” ММ жанындағы “Тілдерді оқыту орталығы” МКҚК тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы “Тілдерді оқыту жөніндегі орталығы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын құру туралы» № 6 бұйрығына сәйкес құрылды.

      2017 жылғы 12 маусымда облыс әкімінің №206 бұйрығымен «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ қайта құрылды.

        Кәсіпорынның мақсаты – мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметшілері мен жеке тұлғалар үшін мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту курстарын ұйымдастыру және оқыту үдерісін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету.

    Тілдерді оқыту орталығы өңірдегі мемлекеттік қызметкерлерге, бюджет саласының және акционерлік қоғамдар мен ұлттық компаниялар бөлімшелерінің, жекеменшік құрылымдардың қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытып-үйрететін бірден бір кәсіпорын болып табылады.

     Орталықта мемлекеттік тілді оқыту курстары  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Ұлттық тестілеу орталығы” Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен құрастырылған және қолдануға ұсынылған қазақ тілін меңгерудің деңгейлері бойынша коммуникативтік құзыреттілік талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасының 2015 жылғы “24”қарашасындағы № 236-од бұйрығымен бекітілген және іске қосылған  ҚР СТ 1926-2015 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру»; ҚР СТ 1928-2015 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Базалық деңгей. Жалпы меңгеру»; ҚР СТ 1929-2015 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Орта деңгей. Жалпы меңгеру». ҚР СТ 1925-2015 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Ортадан жоғары деңгей. Жалпы меңгеру»; ҚР СТ 1927-2015 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Жоғары деңгей. Жалпы меңгеру»  талаптарына сәйкес 5 деңгей бойынша ұйымдастырылады.

   

  Қазақстандық қоғамның қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-саяси өзіндік сипаттамасын ескере отырып, қазақ тілін екінші тіл немесе шетел тілі ретінде оқытып-үйретудің бес деңгейлік жүйесі топтастырылды: қарапайым деңгей – А1, базалық деңгей – А2, орта деңгей – В1, ортадан жоғары деңгей – В2, жоғары деңгей – С1.

(Дерек көзі: Қазақ тілін оқытуға арналған Бір үлгі бағдарлама. Астана – 2016)

      Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді оқыту курстары облыс орталығы Ақтөбе қаласында және Ақтөбе облысының 6 ауданында (Алға, Мәртөк, Қарғалы, Қобда, Хромтау, Мұғалжар) ұйымдастырылады.

   Орталықта жоғары білімді, білікті оқытушылар қызмет етеді. Барлық әдіскерлер мен оқытушылар жыл сайын өздерінің білімдерін жетілдіру үшін тілдерді оқытып-үйретудің интерактивті әдіс-тәсілдері, сонымен қатар қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі бойынша арнайы курстардан өтіп отырады.

 Тілдерді оқыту орталығының ұжымы

      Орталықтың 7 мультимедиялық оқу кабинеттері әртүрлі салаға арналған арнайы сөздіктермен, оқу-әдістемелік және электрондық кешендермен жабдықталған. Заманауи талаптарға сай жабдықталған кабинеттерде мемлекеттік тілді меңгертудің мультимедиялық бағдарламалары, оқу – әдістемелік кешендер, электронды оқулықтар мен терминдер сөздіктер оқу үдерісінде тиімді қолданылады. Тілдерді оқыту курстары аяқталғаннан кейін тіл үйренушілердің алған білімдері КАЗТЕСТ жүйесінің сынағы үлгісінде қабылданып,  СЕРТИФИКАТ  табыс етіледі.