Орынбор қаласында «ТІЛ – ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРҚАУЫ» тақырыбында халықаралық іс-тәжірибелік конференциясы өтті

Әлеуметтік желілермен бөлісу

 

      11-сәуірде көршілес Ресей Федерациясы Орынбор облысы, Орынбор қаласында «ТІЛ – ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРҚАУЫ» тақырыбында халықаралық іс-тәжірибелік конференциясы өтті.  Іс-шараға Орынбор облысының Білім министрлігінің өкілі Юлия Игоревна, Орынбор халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өкілдігі басшысы, Орынбор облысының «Халықтар достастығы үйі» қоғамдық ұйымы төрайымы Таикешева Сауле Совхозовна, «Жас қанат» қазақ жастары ұйымының» төрағасы Чукиев Руслан, «Атамекен» мәдениет орталығының төрағасы Куклеев Бейсенғали Ғаббасұлы, Ұлттық жастар қоғамдық бірлестігі ассоциациясының төрағасы Екатирина Ракова, сондай-ақ Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Жанасова Маржан Алғабекқызы, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының директоры Серғазина Клара Хакімғалиқызы және өзге де оқытушы ғалымдар қатысты. Шара барысында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы тілдерді оқыту оралығының әдіскерлері мен оқытушылары қазақ диаспорасының өкілдеріне арналған қазақ тілінен ашық сабақтар, лингвистикалық тренинг, викториналық ойындар жүргізді.  Бұл игі бастама Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылдан бастап өткізіліп келеді. Тілдерді оқыту орталығы Ресейдегі қандастарымыздың қазақ тілін үйренуіне алғышарт ретінде Ресейде көп қолданылатын «Вконтакте» әлеуметтік желісінде парақша ашып, тіл үйрету сабақтары мен тапсырмаларды жариялап отырады.  Алдағы уақыттағы басты міндеттердің бірі осы рухани байланысты нығайту болмақ.