ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ҚАЗАҚ КЛАВИАТУРАСЫ!

Әлеуметтік желілермен бөлісу

 

 

       Бүгін Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығында латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиі орналасқан клавиатураны пайдаланудың ыңғайлылығын анықтауға арналған сынама жұмыстары басталды. Бұл шараға мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік және халыққа қызмет көрсету саласы қызметкерлері барлығы 500-ден астам адам қатысады деп күтілуде. Сынама барысында қатысушылар латын әріптерімен мәтін жазып,  сандарды, түрлі символдарды теріп, клавиатураның әр түймесінің жұмысын бақылайды және сауалнамада өз пікірлерін қалдырады. Сынама 19-30 тамыз аралығында өтеді.