Ресей Федерациясы Орынбор қаласындағы қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілінен тренинг сабақ өтті.

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Ағымдағы жылғы 9-қаңтарда Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы Ресей Федерациясы Орынбор қаласындағы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өкілдігінің шақыртуымен «Қазақстан – достық мекені» тренинг сабағын өткізді. Тренингке ана тілі – қазақ тілін үйренуге ниетті Орынбор қаласы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Ресей Федерациясы Орынбор қаласындағы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өкілдігі Тілдерді оқыту орталығымен бұған дейін де бірнеше кездесу алаңын ұйымдастырған болатын. Бұл жолғы кездесу-Орынборлық қандас оқушылардың қысқы тілдік лагеріне атсалысу, «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудағы 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруда шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін меңгеру үшін әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету, Орынбор облысы қазақ диаспорасымен ынтымақтастықты одан әрі нығайту. Осы ретте, орталық мамандары бірнеше шара түрлерін, атап айтсақ, «Қазақстан-достық мекені» тренинг сабағын, «Салт – дәстүрім – қазынам» лингвистикалық викториналық ойынын, «Қашықтан оқыту жүйесі-оқытудың заманауи әрі тиімді жолы» www.tilaktobe.kz және «Күншуақпен» бірге зерек болайық!» www.kuhshak-aktobe.kz сайттарының тренинг-тұсаукесерін өткізді. Барлық қатысушыларға «Күншуақ», «Балапан» танымдық журналы таратылды.

Шара соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісті, ал белсенді қатысушыларға Тілдерді оқыту орталығының мадақтамасы табысталды және «Қазақ тілі» қоғамы өкілдігінің төрайымы С.Таикешеваға естелік кітаптар сыйға тартылды.