№4 М.Горький атындағы қалалық кітапханасында өткен «Латын әліпбиі – өркениет жолы» атты пікірталас сағаты

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Бүгін «Ақтөбе қалалық мәдениет және дамыту бөлімі» ММ – не қарасты «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ №4 М.Горький атындағы қалалық кітапханада Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін орындауға бағытталған шаралар аясында «Латын әліпбиі – өркениет жолы» атты пікірталас сағаты өтті. Шараның басты қонағы болып Тілдерді оқыту орталығының директоры Серғазина Клара Хакімғалиқызы шақырылды. Осы шараның негізгі барысы оқушыларды латын графикалы әліпбимен таныстырып, латын графикасына көшудің тиімділігін түсіндіру болды.Іс-шара қызықты әрі әсерлі болды. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп қызығушылық танытты. Олардың болашақта өз мамандықтарының жақсы иесі болуына кәміл сенеміз. Ал ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіріп, серіктестігіміз ажырамасын дейміз.