Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы және Тілдерді оқыту орталығы ұжымы 11 қыркүйек күні сенбілікке шықты.

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Қалыптасқан дәстүр бойынша Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы және Тілдерді оқыту орталығы ұжымы 11 қыркүйек күні кезекті екі айлық сенбілікке шықты. Ауа-райы ашық болып, сенбілік көтеріңкі көңіл-күймен басталды. Оған қатысушылар сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс жасады. Сенбіліктің мақсаты: қаланың шырайын әрлендіре түсіп, қаламызды үздік экологиялық таза аймаққа айналдыру.Ортақ мүдде үшін бірлесіп жасалған еңбектей еш нәрсе адамдарды біріктіре алмайды.Сенбіліктің жүгін бірлесе көтеріп тастадық.