“Латын графикалы қазақ әліпбиі: оқу, жазу” шеберлік сағаты

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ұйымдастыруымен жүргізіліп жатқан «Қазақ тілі» жазғы тілдік мектептің (лагерь) латын графикалы қазақ әліпбиіне арналған бағдарламасы жалғасын тапты. Бүгін , Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының әдіскері, п.ғ. магистрі А.С.Сүгірбаева кезекті “Латын графикалы қазақ әліпбиі: оқу, жазу” шеберлік сағатын өткізді. Халықаралық деңгейде өтіп жатқан шараға Өзбекстан, Түркия елінің қатысушылары латын графикасы туралы сұрақтарын қойып, өзара пікірлесті. Ризашылықтарын білдірген тыңдаушылар, алғыстарын жаудырды.