«Рухани жаңғыру жолындағы тұғырлы тіл – қазақ тілі» атты тіл байқауы

Әлеуметтік желілермен бөлісу

             

                                            

«Рухани жаңғыру жолындағы тұғырлы тіл – қазақ тілі» атты мемлекеттік қызметкерлер арасындағы жаңа графиканы меңгерту мақсатындағы тіл байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты: тәуелсіз еліміздің тірегі – мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату, мемлекеттік қызметте жаңа графиканы меңгеру, қолдану дағдысын дамыту, тілдік-коммуникативтік біліктері жоғары мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыру, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығымен мемлекеттік мекеме тыңдаушылары арасында ынтымақтастықты дамыту.

   Байқаудың әділқазы алқасы құрамында Қ.Жұбанова атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, PhD докторы Көшкімбаева Айнұр Серікбайқызы, Ақтөбе облысының “Рухани жаңғыру” бағдарламасын басқару орталығының менеджері Нұрмұхамедова Данагүл Бегімқызы және Тілдерді оқыту орталығының әдіскері, филология ғылымдарының магистрі Аяпова Гүлайым Мұхамбетсадыкқызы  болды. Байқау қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының шаруашылық жүргізу құқығындағы №2 қалалық емханасының қызметкері Арайлым Еспусинова ІІІ орын, Ақтөбе қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкері Ардақ Утенов ІІ орын және Ақтөбе облысының Статистика департаменті қызметкері Қуанышова Гүлжайнар І орынды иеленді. Қатысушылар арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сайыста әріптестерін қолдап келген көрермендерге де орталықтың “Күншуақ”, “Балапан” журналдары таратылды.