«Тәуелсіздік – мәңгілік ел тірегі»  дөңгелек үстелі өтті.

Әлеуметтік желілермен бөлісу

 

 

    Ағымдағы жылғы 13 желтоқсанда Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығында  16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік – мәңгілік ел тірегі»  дөңгелек үстелі өтті.

  Шараның мақсаты: Қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту факторы ретінде қазақ тілінің мәртебесін көтеру, 16 желтоқсан – ҚР-ның Тәуелсіздік күні мерекесін асқақтату,  тілдерді оқыту саласындағы әріптестік ынтымақтастықты нығайту.

   Дөңгелек үстел қонақтары ретінде ЖОО-ның тілші-ғалымдары, мектеп мұғалімдері мен тіл оқытушылары, әдіскерлер, мемлекеттік мекемелердің  мемлекеттік тілді дамытуға жауапты мамандары шақырылды. «Ақтөбе облысында мемлекеттік тіл саясатының жүргізілуі», «Студенттерге мемлекеттік тілді меңгертуде ұлттық

 патриотизмді насихаттау», «Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым», «Тәуелсіздік тірегі – білімді жастар» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды. Шара соңында Тілдерді оқыту орталығының  директоры Серғазина Клара Хакімғалиқызы 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен тағы бір мәрте құттықтай отырып, шара қонақтарына естелік кітаптар мен алғыс хаттар табыстады.