“ТАҒЫЛЫМ” айдары

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Енші бөлу- қазақ салтында қара шаңырақ заңында ұлына отау көтеріп бөлек шығарғанда, оған мал- мүлік береді. Оны қазақ «енші бөлу», «енші беру» деп атайды. «Еншіңді алдың, еңіремей өмір сүр», «Ер жеттің жеке үй болдың, тізгін- шылбыр қолыңда, шаңырақтың ауыр- жүгі мойныңда» деп, ұрпағына жеке өмір сүрудің жолын нұсқайды, еншісіне ие болуды үйретеді.Қазақ ұрпақтары қара шаңырақтан алған еншісін ырымдап,ешкімге бермей күтіп ұстайды,қадірлеп сақтайды,онда «құт бар» деп нанады,оны басқаға берсе құт ілесе кетеді деп үлкендердің көзіндей көріп, қорғайды,аялады.Мал болса,беталды соймайды,малдың басы кетсе,шаңырақтан бас кетеді,кедейлік басады деп ырымдайды.