«Тілдарын» тележобасын тамашалап, тілдерді бірге үйренейік!

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Бүгінгі күні кем дегенде үш тілді меңгеру-заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі.  Осы орайда, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы облыстың кішкентай бүлдіршіндеріне арнап ұзақ мерзімді тележобасын бастады. 1 маусым халықаралық балаларды қоғау күніне орай, «Рика ТВ» телеарнасы арқылы әлеуметке жол тартатын «Тілдарын» телебағдарламасы жергілікті уақытпен сағат 18:30-да эфирден беріледі.

«Тілдарынның» кішкентай көрермендері, тілдік білімдеріңізді молайтып, дүниетанымыңызды кеңейтіп,  тілдерді бірге үйренейік!