«Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме»  журналының №1 саны шықты

Әлеуметтік желілермен бөлісу

 

 

 

   Міне, биылғы жылы да  «Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме»  ақпараттық-әдістемелік журналдың №1 саны өз оқырмандарына қарай жол тартты.

   Журнал алғаш жарық көрген кезден бастап, тіл саласына қатысты басым бағыттарды негізге алып келеді. Биылғы жылғы сандарында  да дәстүрлі бағыт жалғасын тауып, «Мемлекеттік тіл – менің мақтанышым, «Рухани жаңғыру», «Әдістемелік портфель», «Педагогикалық практикум», «Тәрбиеші жазбалары» сияқты айдарлар сақталып отыр. Мұндағы мақсат – қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесін жетілдіру және мемлекеттік тіл оқытушыларына, әдіскерлерге әдістемелік көмек көрсету, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін, педагогикалық шеберлігін жетілдіруге ықпал ету, Ақтөбе облысында мемлекеттік тіл саясатын дамыту бағытында атқарылып жатқан іс-шаралардан ақпарат беру.

   Құрметті педагогтар! Сіздерді тек оқырман ғана емес, ортақ іске белсене атсалысатын авторымыз да болады деп сенім білдіреміз.

  Сұрақтар бойынша телефон: 95-41-90