Жаңа қазақ әліпбиі-рухани жаңғыру негізі

Әлеуметтік желілермен бөлісу

      «Жаңа қазақ әліпбиі-рухани жаңғыру негізі» тақырыбында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ құқықтану мамандығының 2,3-курс студенттеріне арналған ақпараттық сағат өтті. Шараның мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6-бағыты «Латын графикалық жүйеге көшуді» кезең-кезеңмен жүзеге асыруды насихаттау, жаңа әліпби негізінде жазу, оқу сауаттылығын жетілдіру.

        «Құқықтану» мамандығының оқытушылары С.Р Рзағұлова, Б.Т Тлеулесова ұйымдастыруымен өткен шарада «Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасы» ММ, «Тілдерді оқыту орталығы» КММ оқытушысы Д.Б. Нұрмұхаммедова «Жаңа емле:құрылымы, ұстанымы және жаңалықтары» тақырыбында жаңа емле жайында ақпараттар беріп, студенттердің жазу, оқу машықтарын қалыптастыру мақсатында тапсырмалар орындатты. Студенттер жаңа графикада жазуға, оқуға ынталы екендіктерін байқатып, тапсырмаларды аса құлшыныспен орындады.