«Жаңа емле:жаңалықтар, құрылымы және ұстанымы» тақырыбында ақпараттық сағат өтті

Әлеуметтік желілермен бөлісу

 

 

                                                       

      Бүгін, 21-ақпан күні Ақтөбе облысының  Тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақтөбе облысы әділет департаменті» республикалық  мемлекеттік мекемесінде латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жаңа емле-ережелеріне байланысты ақпараттық сағат өтті. Орталық әдіскері Г.М.Аяпова «Жаңа емле:жаңалықтар, құрылымы және ұстанымы» тақырыбында шараға қатысушыларға тың мәліметтер беріп, емледегі өзгерістерді түсіндіріп, жазу машықтарын қалыптастыру мақсатында тапсырмалар орындатты.

     Қатысушылардың тарапынан қойылған сан түрлі сауалдарға Ақтөбе облыстық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығының менеджері, орталық оқытушысы Д.Б.Нұрмұхамедова жауап берді.

     Шара соңында тыңдаушылар жаңа емлені оқуға, үйренуге талапты екендіктерін жеткізді.