Жаңа емле: жазу принциптері» онлайн семинары өтті.

Әлеуметтік желілермен бөлісу

 

Бүгін Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығында «Жаңа емле: жазу принциптері» онлайн семинары өтті. Семинарға Облыстық тілдерді оқыту орталығы және 6 аудандық (Мұғалжар, Алға, Қобда, Қарғалы, Мәртөк, Хромтау) тілдерді оқыту курсының тіл оқытушылары мен әдіскерлері қатысты. Шараның мақсаты: қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру ісін тиімді, әрі сапалы түрде кезең-кезеңмен жүзеге асыруды ұйымдастыруда Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы әзірлеген өнімдерін, интернет жобаларын, жаңа емле ережелері жобасын әзірлеу барысында жүргізіліп жатқан жұмыстарын насихаттау және латыннегізді әліпбиге қатысты көпшілік көкейінде жүрген мәселелер бойынша ақпарат беру.

         Семинар барысында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы әзірлеген бірнеше тележобалар, атап айтсақ, «IQ дос», «Селтең Сері» анимациалық фильмдері, «Qazlatyn.kz» ұлттық веб-порталы, «Termincom.kz», «Atau.kz», «Sozdikqor», «Emle.kz» сайттарының жұмыс бағыттары кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар өз сауалдарын қойып, латын қарпіне көшу бағытындағы іс-шараларға оң пікірлерін білдірді.