Жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді

Әлеуметтік желілермен бөлісу

 

Бүгін, 10-қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №271 қаулысымен бекітілген «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 40-тармағын орындау мақсатында ҚХА «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін қолдану арқылы жалпықазақстандық диктант өтті.

Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы желтоқсанда жарияланған «Қазақстан-2050» Стратегиясына, «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарын латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін сауатты қолдануға үйрету.      

Аталған диктантқа Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы мемлекеттік тілді қамтып отырған Ақтөбе қаласы және Мәртөк, Хромтау, Алға, Қобда, Мұғалжар, Қарғалы аудандық тіл курстары қатысушылары белсене қатысып, латыннегізді жаңа қазақ әліпбиінде жазу машықтарын қалыптастырды.