«Жеңіспен соғыс аяқталды!» тақырыбында республикалық сырттай эссе байқауы жеңімпаздары анықталды.

Әлеуметтік желілермен бөлісу

Бүгін, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы «Халықаралық Экология, Инженерия және Педагогика ғылымдар академиясы» Қоғамдық қоры және «Ұлы дала ұрпақтары» Қоғамдық бірлестігінің бірлесіп ұйымдастыруымен  5-11 класс оқушылары мен колледж студенттерінің арасында «Жеңіспен соғыс аяқталды!» атты республикалық сырттай эссе байқауы өз мәресіне жетті. Республикалық байқауға барлығы 217 жұмыс қабылданды. Байқау қатысушылары өз жұмыстарында соғысқа қатысқан ата-бабалары жөнінде, олардың соғыста кешкен оқиғаларын, бейбіт өмірдің, тыныш заманның қандай қиындықпен келгендігін жеткізе білді. Байқау қорытындысы бойынша 165 бала жүлдегер атанып, қалған қатысушыларға алғысхаттар жолданды.