ҚР Ұлттық банкі Ақтөбе филиалының қызметкерлері қорытынды тест тапсырды 

⠀
Тілдерді оқыту орталығында қазақ тілін В1 (орта) деңгейінде меңгерген тыңдаушылар қорытынды сынақтан сәтті өтті. Тестілеу барысында тыңдаушылар тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлесім дағдылары бойынша білімдерін көрсетті.
⠀
Тыңдаушылар мемлекеттік тілді кәсіби салада еркін қолдануға талпынатындарын көрсетті.
⠀
Қызметтік қарым-қатынаста қолданылатын тілдік бірліктер мен ресми стильдегі сөйлеу үлгілері де тест мазмұнында қамтылды.
Оқытушы: Оңталап А.Е