“Тұрақты тіркес” айдары
“Қара қазан, сар баланың қамы”, – деген тіркес “күн көріс” деген мағынада қолданылады.Дерек: Г. Смағұлова “Мағыналас фразеологизмдер” сөздігі, Алматы 2010 ж.
“Қара қазан, сар баланың қамы”, – деген тіркес “күн көріс” деген мағынада қолданылады.Дерек: Г. Смағұлова “Мағыналас фразеологизмдер” сөздігі, Алматы 2010 ж.
«Ілу салу» – қазақтың ұлттық жоралғысы. Бір нәрсені, затты сый ретінде беру, үйдің қабырғасына іліп қоюдан шыққан салт. Дәстүрлі қазақ қоғамында жаңадан отау тігілгенде, жаңа үйге келген туысқандар, құда- жекжаттар өздерімен бірге басқа жосын-жоралғылармен...
«Белкөтерер»Белкөтерер – дәстүрлі ортадағы ғұрыптық ас атауы. Ұзақ жасаған, тісі қаусаған қарияларға құнарлы тағам түрлерін араластырып, ұсақтап, шайнамай-ақ жей (жұта) беруге лайықтап дайындалады. Белкөтерер – адамға мол күш беретін нәрлі ас. Көңілі жақын жандар...
Түйемұрындық — қыз ұзатылып көшіп келе жатқан көш көрші ауылдың тұсынан өткенде, көрші ауылдың әйелдері, көш алдынан арқан керіп тосады да, алдыңғы түйенің бұйдасынан, мұрындығынан мықтап ұстап алады, оны жүргізбей «түйе мұрындық» деген атпен...
Ерулік — дәстүрлі халықтық жоралғының жарқын үлгісі. Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз таттырып, ықылас-пейіл білдіреді. Ерулік беру арқылы ауыл тұрғындары жаңа көршілерін өздеріне етене жақындастыруды, бөтенсітпеуді де көздейді. Ерулік қысқы соғымның сүбелі...
«Үмеге келген үндемей қалмайды»( мақал). Үлкен, ауыр, көлемді жұмыстарды ауыл, ру адамдары «бір жеңнен қол шығарып» бас қосып, көпшілік болып, бірігіп атқарады. Соның бірі – үме. Әсіресе, қысқы мал азығы үшін жемшөп дайындағанда мал...