Орталық туралы

«Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы»  ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ облысымыздың ересек тұрғындарына тілдерді оқыту, қосымша білім беру нарығында 2007 жылдан бері қызмет етіп келеді. Орталықтың негізгі міндеті – мемлекеттік және басқа да тілдерді үйрету, оқу үдерісін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, оқу құралдарын шығару. Орталық, облыстың өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған 3 ауданында (Хромтау, Мәртөк, Қарғалы)  тілдік тегін курстарды ұйымдастырады.

Орталықтың мемлекеттік тілді оқыту сабақтары Қазақстан Республикасының тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын негізге ала отырып, БІРҮЛГІ, ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы құрылады. Оқу үдерісі 5 деңгей (А1 – қарапайым деңгей, А2 – базалық деңгей , В1 – орта деңгей, В2 – ортадан жоғары деңгей, С1 – жоғары деңгей) бойынша онлайн және оффлайн режимдерінде жүргізіледі. Орталықтың ақпараттық кеңістікті игерудегі ашықтығы – кез келген мемлекеттік тілді үйренуге ниетті азаматқа қолжетімді. «Қашықтан оқыту» бөліміне енгізілген  тіл сабақтары қашықтан оқу әдісі арқылы  тілдерді өз бетінше үйренуге ынтасы бар әрбір тұлға үшін өте қолайлы.