“ТАҒЫЛЫМ”

Салбурын – қазақтың аңшы-саятшы өнерпаз жігіттері қыраулы қыста бүркіт алып, тазысың ертіп, топтасып аңға шығады. Ақшаңқан далада аң аулап, құс салып қызық сайран құрып, тамаша өнер көрсетеді. Аулаған аңды, ұстаған құсты ортақ олжалайды. Үйде қалған қарияларға да олжадан тиесілі үлесін қалдырады, олжа сақтайды. Қара құйрық, бөкен, бұғы, тау ешкі, елік, арқар сияқты аң ауласа, айдалаға от жағады да, аулап алған аңдарын сойып, оның майлы етінен кесіп алады да, отқа қақтап әдемі, дәмді “жау бүйрек” етін пісіреді. От басын қоршап отырған аңшылар бір-біріне пісірген еттерін ұсынып, ойын-күлкі шығарып, әзіл-қалжындар айтыса отырып, қарындарын тойғызады. Ал қасқыр, түлкі, аю, жолбарыс қанжығасына бірі байлап, қанжығасын майлап дырдумен марқая мақтанып, үйіне қонаққа шақырып, алған олжасын майрайды. Оны қазақ “салбурын” деп атайды.

#алтынқазына #салтдәстүрсөйлейді

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған